Павлодар облысында жарты тонна радиоактивті балық тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жарты тонна радиоактивті балық тәркіленді

Павлодар облысында жарты тонна радиоактивті балық тәркіленді

Жарты тонна радиоактивті балық! Екібастұз тұрғыны осынша көлемдегі балықты Ақсудағы кәсіпорын қалдықтары мен кәріз суы жиналатын улы көлден аулапты.

  • 8 Маусым 2011
  • 357
Фото - Caravan.kz


54 жастағы азамат  он бес қап заңсыз тауарын жеңіл көлігіне тиеп, Екібастұз базарына алып бара жатыр екен. Бірақ, балық сатылымға жетпей тәркіленді. Сараптама жүргізген мамандар  балықтың адам өміріне аса қауіпті екенін анықтады. Ондағы радиация белгіленген мөлшерден екі жарым есеге көп. Ұсталған азамат тәртіп сақшыларына заңсыз тауарды Ақсу ауданындағы Пограничник ауылы тұрғындарынан сатып алдым деп түсіндірген. Улы балықты саудаламақ болған ол қатаң жазаға тартылған жоқ. Тек заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін  он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеп құтылды. 

Соңғы жаңалықтар