Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Тамыз 2007
  • 471
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, апат жұма күні түнде республикалық маңызы бар Павлодар — Қызылорда тасжолының 154-шақырымында болған.

Прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, «БМВ» көлігінің жүргізушісі «ЗИЛ» жүк көлігінің тіркемесінің артынан соғылған. «Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы Александр Боль оқиға болған жерде қайтыс болды. «БМВ» ішіндегі тағы бір адам — Инна Кушваева ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған»,- деп хабарлады прокуратураның қызметкерлері. Олар сондай-ақ «жеңіл көліктің жүргізушісі мен үшінші жолаушы әртүрлі жарақаттармен Екібастұздың орталық аудандық ауруханасына жеткізілді»,- деп қосты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті