Павлодар облысында Жұмыскер селосында бұршақтан келген зардапты жоюға бюджеттен Т10,7 млн қаражат бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында Жұмыскер селосында бұршақтан келген зардапты жоюға бюджеттен Т10,7 млн қаражат бөлінеді

Павлодар облысында Жұмыскер селосында бұршақтан келген зардапты жоюға бюджеттен Т10,7 млн қаражат бөлінеді

Павлодар облысының Май ауданының Жұмыскер селосында жауған ірі бұршақтан келген зардапты жоюға бюджеттен Т10,7 млн қаражат бөлінеді, деп аудан әкімнің орынбасары Манарбек Ахамбаев мәлім етті.

  • 16 Шiлде 2011
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Келегн шығын сомасы – 10 млн теңге. Бүгін зардап шеккен ғимараттарды жөндеуге қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойылды», — деп жұма күні М. Ахамбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, ауылда «шифр сынған, шынылар қираған, көшеттер өлген». «Бақытымызға қарай халық арасында адам шығыны жоқ», — деді ол.

Әкімшілік мәліметтерінше, ТЖ салдарын жоюға деп Т10 млн қаражат облыстық әкімшіліктің резервтік қорынан беріледі, тағы Т700 мың Май ауданының бюджетінен беріледі. Бұл қаражатқа құрылыс материалдары сатып алынып, жөндеу жұмыстары жақын аралықта басталады.

Еске салсақ, сәрсенбіге қараған түні Жұмыскер селосында диаметрі 2 см болатын бұршақ жауды. 149 баспана, әкімшілік ғимараты мен жөндеуден өткен мектеп елеулі зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар