Павлодар облысындағы бір ауылда тұрғылықты әйел апиын көкнәрін өсірген - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысындағы бір ауылда тұрғылықты әйел апиын көкнәрін өсірген

Павлодар облысындағы бір ауылда тұрғылықты әйел апиын көкнәрін өсірген

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 17 - тамыз. ПАВЛОДАР. Павлодар облысының Шарбақты ауданының Красиловка ауылында полицейлер тұрғылықты әйелден 109 түп апиын көкнәрін тапқан. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, көкнәр плантациясын жергілікті учаскелік полицей тапқан, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Тамыз 2007
  • 615
Фото - Caravan.kz

«Учаскелік полицей Шербақты аудандың Ішкі істер органының криминалдық полиция бөлімінің қызмекерлерімен бірлесе отырып гулшанағымен 82 көкнәр түбін және гүлшанақсыз 27 түп тәркілеген, тәркіленген гүлшанағының салмағы 2 кг 400 граммды құрап отыр, сараптама бұл апиын көкнәрі екендігін және де одан есірткі әзірлеуге болатындығын растады»,- деп түсіндірді аймақтық баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің айтуынша, иесінің өз көкнәрді қашаннан бері өсіріп келе жатқандығын және де жұлынған гүлшанағының қайда екендігін айтпай қойған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әйел көкнәрді біреу үшін өсірген, ал делдал есірткіні жасаумен және сатумен өзі айналысқан деген болжам жасап отыр.

Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Жанна Белялованың ақпараттарына сүйенсек, «әзірге тергеу жұмыстары жалғасуда, Красиловка аулының тұрғыны ауылдан шықпау туралы қолхатпен босатылған». «Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 262-бабы бойынша (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) айып тағылып отыр, егер оның кінәсі дәлелденсе, ауыл тұрғынын 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр, ал сату дерегі расталса жаза мерзімі ұлғаяды»,- деп түсіндірді Ж. Белялова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті