Жарияланды: 590

Павлодар облысының ішкі саясат басқармасына жаңа бастық тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Бауыржан Әбутәліпұлы Капенов Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бастығы болып тағайындалды,

деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі. Б.Ә. Капенов 1963 жылы туған, 1985 жылы Павлодар педагогикалық институтын математика және физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, ал 1997 жылы Павлодар мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1985 жылы Ермак ауданында орта мектепте математика және физика пәнінің мұғалімі болып бастайды. 1985-1995 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кейін орта мектептің директоры болды. 1995 жылдан бастап ішкі саясат саласында әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2008-2009 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, ал 2009-2011 жылдары «Павлодартелерадио» МКМ директоры қызметтерін атқарды. 2011 жылғы қаңтардан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть