Павлодар облысының төрт тұрғыны терроризмді насихаттағандығы үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының төрт тұрғыны терроризмді насихаттағандығы үшін сотталды

Павлодар облысының төрт тұрғыны терроризмді насихаттағандығы үшін сотталды

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі N2 соты жұмада бір топ жергілікті тұрғынға терроризмді насихаттағандығы үшін айыптаушы үкім шығарды.

  • 6 Желтоқсан 2014
  • 366
Фото - Caravan.kz


20-46 жас аралығындағы төрт ер адам әлеуметтік, діни,ұлттық алауыздықты қоздырғандығы үшін, терроризм мен экстремизмді насихаттағандығы үшін, көпшілікті терроризм актілерін жасауға үгіттегендігі үшін кінәлі деп танылды, деді жұмада "Интерфакс-Қазақстанға" соттан.
"Үкімге орай күзет агенттігінің жетекшісі 46 жастағы ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды, екіншісі төрт жылға, екеуі үш жарым жылға сотталды, жазаларын жалпы режим колониясында өтейді”, деді соттан.
Істің материалдарына қарағанда, топ басшысы өзін "Жамаат Айдархан" қоғамының әмірі деп атап, жас жігіттерді террористік қызметке тартқан. Олар радикалды исламды уағыздаған, мешіт жанына не жалданған пәтерлерге жиналып отырған.