Жарияланды: 520

Павлодар облысының түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер өлім жазасын алып тастау проблемасын талқылауда

Павлодар облысының түзету мекемелерінде сотталғандардың қатысуымен өлім жазасын алып тастау проблемасына арналған пікірталастар өткізілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасынан хабарлады.

Пікірталастар Алғырлар мен тапқырлар клубының сайыстары түрінде ұйымдастырылуда. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасынан хабарлағанындай, өлім жазасын алып тастау мәселесін халық арасында кеңінен талқылау қажет, соның ішінде бұл мәселе сотталғандар арасында да сарапқа салынуы тиіс. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасында атап көрсеткеніндей, қылмыстық атқару жүйесін ҚР әділет министрлігінің қарамағына беру -еліміздің қылмыстық саясатын ізгіліктендіру кезеңдерінің бірі болмақ. Соның нәтижесі іспетті, биыл Павлодар облысындағы ауыл-колонияны қосқанда барлығы бес түзету мекемесінде жалпы білім беретін мектептер ашылды. Оларда 6-10 сыныптар аралығындағы оқу бағдарламасы бойынша сабақтар өткізіледі. 1-қыркүйектегі жағдаймен мектептерде 400-ден астам адам оқып жатыр. Тұтқындардың арасынан біреуі жоғары білім игерсе, тағы біреуі Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түсті. Қазіргі жағдаймен ол шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босатылған. Сондай-ақ, қазір облыстағы түзету мекемелерінде кәсіптік-техникалық мектептер ашу жұмысы қолға алына бастады. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасынан хабарлағанындай, абақтыдан босап шыққан жастардың еңбек рыногінде сұранысқа ие болатындай мамандық игеріп шығуының маңызы зор. Павлодар облысының түзету мекемелерінде жазасын өтеушілердің жалпы саны шамамен 5 мың адамды құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін