Павлодар полициясы мектепте жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдіктіні анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар полициясы мектепте жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдіктіні анықтады

Павлодар полициясы мектепте жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдіктіні анықтады

Павлодар. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар полициясы мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Наурыз 2008
  • 500
Фото - Caravan.kz

Аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, 4 наурызда Павлодар қаласындағы №27 орта мектебінде жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат кезекші полицияның шұғыл пультіне келіп түсті. Дабылдан кейін мектепке полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету қызметі жіберілді. Ғимараттан 610 адам далаға шығарылды (550 оқушы мен 60 мұғалім).

«Саперлер барлық жерлерді тексеріп, ештемені таба алмағандықтан, сабақтар қайтадан жалғастырылды «, — деді баспасөз қызметіндегілер. Тергеу кезінде шұғыл уәкілдер жалған ақпарат берген күдіктіні анықтады.

ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «хабарды сол мектепте оқитын 10 сынып оқушысы берген». Он алты жастағы оқушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Егер сот оның кінәсін растаса, онда оқушының ата анасы 200-ден 500 ге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады. Мектептерге жарылғыш зат қойылған деген жалған ақпарат бюджетке үлкен көлемде шығын келтіреді. Себебі, мұндай жұмысқа көп күш пен қаржы жұмсалады. ІІД ғана 30-40 мың теңгеге шығын келтірілді», — деп атап өтті департаменттегілер.

Полиция қызметкерлерінің мәліметтері бойынша жыл басынан бері ІІД екі жалған ақпарат келіп түскен. Өткен жылы 19 жалған оқиға тіркелді. Мектептерде сабақтарды тоқтатып, жарылғыш заттар қойылды деген жалған ақпарат бергендері үшін былтыр жеті адам қылмыстық жауапқа тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті