Жарияланды: 450

Павлодар қалалық соты радиоактивті материалдардың заңсыз саудасына қатысты іс бойынша үкім шығарды

Павлодар қалалық соты радиоактивті материалға жататын плутоний-239 изотопының заңсыз саудасына қатысты іс бойынша үкім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық сот өкілдері хабарлады.

Сот павлодарлық екі тұрғын мен бір Ресей азаматына ҚР Қылмыстық істер Кодексінің "радиоактивті материалдардың заңсыз саудасы" жөніндегі 247-бабы, 2-тармағы бойынша екі жылға шартты бас бостандығынан айыру жазасын жүктеді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері 2003-жылдың маусым айында Павлодарда плутоний-239-дың изотопын сатуға әрекет жасап жатқан жерінен 3 адамды тұтқындаған. Ұсталғандардың екеуі Павлодар тұрғыны, ал енді бірі Саратов облысының тумасы, Ресей азаматы болып шыққан. Арнаулы операция барысында олардан радиоактивті зат болып табылатын плутоний-239 изотопы бар ампула мен 20 мың доллар көлеміндегі ақша тәркіленген. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында белгілі болғанындай, тәркіленген радиоактивті материал өрттен сақтануға арналған дабыл жүйесінде қолданылатын көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін