Павлодар қалалық сотында Павлодар мұнай химиялық зауытындағы бес жұмысшының қайтыс болуына қатысты іс бойынша 8 айыпталушыға үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар қалалық сотында Павлодар мұнай химиялық зауытындағы бес жұмысшының қайтыс болуына  қатысты іс бойынша 8 айыпталушыға үкім шығарылды

Павлодар қалалық сотында Павлодар мұнай химиялық зауытындағы бес жұмысшының қайтыс болуына қатысты іс бойынша 8 айыпталушыға үкім шығарылды

ПАВЛОДАР. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Павлодар қалалық сотында 2006 жылдың мамырында Павлодар мұнайхимиялық зауытындағы бес жұмысшының қайтыс болуы туралы іс бойынша 8 айыпталушыға үкім шығарылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар қаласының № 2 сотынан хабарлады.

  • 29 Наурыз 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

Соттың ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 152-бабының 2-тармағы бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» туралы айып Павлодар мұнай химиялық зауытының сегіз қызметкеріне тағылды. «Олардың бесеуі — цех бастығы, цех бастығының орынбасары, ауысым бастығы мен лаборанттарды сот шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Тағы үшеуі — ауысым бастығы, оператор, механик жазасын 3 жыл түрмеде өтейді»,- деп хабарлады соттағылар.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылдың мамырында Павлодар мұнай химиялық зауытында бес жұмысшы технологиялық тазалау жұмыстарын атқару барысында қайтыс болған, олардың барлығы азоттың улы буымен уланған болатын. Цистернаның ішкі қабатын тазалайтын азот технологиялық құбырдағы ақаудан тараған. Жұмысшылар бұл кезде 100 текше метрлік керосин сүзгішін тазалап жүрген.