Оның айтуынша, қазіргі уақытта 300 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген және қала ортасынан жер телімін таңдау жүріп жатыр. Ол, «қазірде аймақтың сот әкімшлігі жұмыс кеңсесін жеке меншіктен жалға алып отырғандығын» еске сала кетті.
Сонымен қатар, С. Есімхановтың түсіндіруінше «2008 жылдың республикалық бюджеті бекітілгеннен кейін қаржыландыру көлемі өткен жылғы көрсеткіштен екі есеге көбейеді деп күтілуде». «Тек сот әкімшілігінің қажеттілігі үшін 1,5 млрд теңге бөлінеді, біздің бюджет 860 млн теңгені құрады»,- деп түсіндірді ол.
Облыстың сот әкімшілігінің мәліметтеріне сүйенсек, қаржыландыру көлемін өсіру жүйелік атқарушылар институтын жетілдіру бағдарламасы аясында жүргізілуде, аталмыш бағдарлама әзірленген. «Бұл кәсіптің мәртебесін көтеру қажет, өкінішке орай, көптеген бастауыш қызметкерлер үшін сот атқарушысы лауазымы ішкі істер органдарындағы, прокуратура мен сот жүйесіндегі одан әріқарайғы мәнсап көтерудің бастамасы ғана болмақ, көбінесе мамандар осы сатыда тұрақтамайды»,- деп мәлім етті С. Есімханов. Ол, Павлодар облысында сот атқарушыларының жетіспеушілігінің байқалып отырғандығын айтып өтті.
«Штаттық кесте бойынша, бізде ең кемінде 117 сот атқарушысы болуға тиіс, ал бізде барлығы — 71, және олардың көбісі қыздар»,- деп атап өтті. Оның айтуынша, бір сот атқарушысына түсетін ауыртпалық тиесілі жүктемеден артық. Оның ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың 6 айында оның мекемесінің жұмысшылары 27 мыңнан астам істі аяқтап, бюджетке 2 млрд теңге әкелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті