Павлодар тұрғынынан 231 оқ тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар тұрғынынан 231 оқ тәркіленді

Павлодар тұрғынынан 231 оқ тәркіленді

Павлодар тұрғынанан 231 оқ тәркіленді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

  • 22 Қазан 2003
  • 365
Фото - Caravan.kz

Кеше, 21-қазан күні кешкісін Павлодарлық 22 жасар тұрғынның пәтерінен 5,6 мм-лік 231 оқ табылған. Оқтар атысқа қолдануға жарамды деп табылды. Оқтардың иесі уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Павлодар облыстық ІІБ қызметкерлерінің атап көрсеткеніндей, қазанның 20 мен 24 аралығында облыста «Қару» операциясы өткізілуде. Осыған байланысты ІІБ басшылығы тұрғындарға жолдау жариялап, заңсыз сақтап отырған отты және суық қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды мекен-тұрағына қарай ішкі істер органдарына тапсыруды өтінді.
«»Заңсыз сақталған қару-жарақтарын өз ықтиярымен келіп тапсырған азаматтарға қылмыстық және әкімшілік жаза қолданылмайды. Қару тіпті біржола тәркілеп алынбайды да. Қару тапсырған адам соңынан тиісті құжаттарын өткізген жағдайда оған қаруды сақтауға немесе оны арнаулы дүкендер арқылы сатуға рұқсат беріледі»,- дейді баспасөз орталығындағылар.