Павлодарда 49 жастағы азамат өз отбасын қырып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 49 жастағы азамат өз отбасын қырып салды

Павлодарда 49 жастағы азамат өз отбасын қырып салды

Павлодарда жантүршігерлік оқиға! Қала маңындағы ауылды паналаған бүтіндей бір отбасының мәйіттері табылды. 6-8 жастағы ұл мен қыз және олардың 35 жастағы аяғы ауыр шешелері бауыздалып өлтірілген. Ал отағасы асылып қалыпты. Бала-шағасын қырып, кейін өз-өзіне қол салған сол үй иесі деген болжам айтылуда. Бір анығы ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрған екен. Ал балалар әйелдің алдыңғы күйеуінен қалған.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz

Павлодар  іргесіндегі Павлодарское ауылының жұрты қанды қылмысты естіп, жаға ұстады. Бүтін бір отбасының мәйіті мына жалдамалы үйден табылып отыр. 8 жастағы қыз бен 6 жастағы ұл және олардың аяғы ауыр шешесі бауыздалып өлтіріліпті. Ал отағасының мәйіті асылып тұрған жерінен табылған. Бала-шағасын қырып, кейін өз-өзіне қол салған сол үй иесі деген болжам айтылды. Дегенмен бұл қанды қылмыста әлі түсініксіз тұстар көп. Марқұмдар кімдер, қайдан келген ол жағы да белгісіз. Тек ғаламторға тараған мына бірді-екілі суреттері болмаса. Оның үстіне үйден қанға былғанған 4 пышақ табылған. Сірә, әркім өздерін өзі өлтірді дегенді меңзесе керек.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы

-Қазіргі кезде сол 4 пышақ бойынша сараптама тағайындалды, қай пышақпен ол балалар өлтірілген, қай пышақпен әйел адам өлтірілгені анықталады. Төртеуінде де қан іздері бар.

Оның үстіне, үй ішіндегі ұрыс-керістіжапсарлас үйдегі көршілері де естімеген. Тек тәртіп сақшылары топырлап келгенде, не болғанын біліп шошып отыр.


Лидия Попова, көршісі :

-Көршілерді қырып кеткенін тергеушіден естідік. Тыныш отбасы сияқты еді. Айқай-шуын естімедік. Келгендеріне де көп болмады. Мына пәтерді жалдап тұратын.

-Белгісіз жағдайда қаза тапқандарды қан-жоса күйінде көріп, дабыл қаққан – осы үйдің иесі. Ол жас отбасыға баспананы жалға беріп тұрған. Үйдің ішіне бас сұққан куәгер оқиға орнында «Бізді пышақтады…» деп жазылған хатты аңғарған көрінеді.

Полицейлер қылмыс орнынан хаттың табылғанын растағанымен, мазмұнын жария еткен жоқ.Суицидтің себебіне үңілдіретін басты айғақ та осы хат қана. Ал сарапшылар қылмысты 49 жастағы отағасы жасады деген алдын ала тоқтамға келген. Дегенмен нақтысы сот сараптамасынан кейін белгілі болмақ.