Оқиға түскі уақытта, бала мектептен оралған кезде болған. Жарты сағатқа сыртқа шыққан анасы қайтып келгенде ішінен жабылған есікті аша алмапты. Ақыры үйге бұзып кіргенде есік жақтауына бекітілген темірге асылып отырған ұлын көрген. Оқуда үздік, достары арасында ақкөңіл бала самбомен шұғылданыпты. Әзірге оның бұндай қадамға баруына ғаламтордағы суицидке итермелейтін сайттар болуы мүмкін деп отыр тәртіп сақшылары. Қазір оның компьютері жіті тексерілуде.