Павлодарда адамдарды телефонмен алдайтын алаяқтардың қылмыстық тобы әрекет етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда адамдарды телефонмен алдайтын алаяқтардың  қылмыстық  тобы әрекет етуде

Павлодарда адамдарды телефонмен алдайтын алаяқтардың қылмыстық тобы әрекет етуде

ПАВЛОДАР. 3 - тамыз. Kazakhstan Today. Павлодарда адамдарды телефонмен алдайтын алаяқтардың қылмыстық тобы әрекет етуде, қаланың оншақты, тіпті жүздеген т ұрғыны олардың құрбандары болуы мүмкін. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Павлодардың Солтүстік ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Ринат Ихиенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Тамыз 2007
  • 580
Фото - Caravan.kz

«Соңғы екі аптада Павлодардың Солтүстік ішкі істер бөліміне облыс орталығының тұрғындары құқық қорғау органдарның қызметкерлері қызметтік жағдайларын пайдаланып , олардан ақша боспалағандығы туралы шағымдана бастады»,- деп атап өтті Р. Ихиенов.

Оның айтуынша, жәбірленушілердің берген жауаптарынан Павлодарда алаяқтылықтың осындай әдісі пайда болғандығы белгілі болды. Қоңырау шалушылар сенгіш павлодарлықтарға ұялы телефон арқылы олардың әкелері, ұлы, ағасы және т.б. есірткімен немесе ауыр қылмыс істегені үшін полицияға түскендігі туралы айтып, істі «ыңғайлауды» ұсынған. «Анонимнің жалғыз шарты — ақшаны алдағы 10 — 15 минутта жеткізу қажет»,- деп мәлім етті полиция аға лейтенанты.

Полицейлердің айтуынша, адамдардың көбісінің абыржығандығы соншалық, тіптен қоңырау шалушының сөзінің ақиқат екендігін тексеріп, өздерінің жақындарына қоңырау да шалмаған. «Параның» сомасы бір эпизодта 90 мың теңгеге дейін жеткен.

«Әрине, адамдар өздерінің алданғандығын түсініп полицияға жүгінбеген, пара беру — жауапқа тартылатын іс, алаяқтар осыған иек сүйеп отыр; бірақ біз алаяқтық әрекет құрбаны болғандардың барлығын күтеміз, біз күдігіміз бойынша Павлодарда осы бағытта бірден бірнеше қылмыстық топ әрекет етуде, олардың құрбандары оншақты болуы да мүмкін, немесе қаланың жүздеген тұрғыны болуы да мүмкін»,- деп түсіндірді ахуалды Павлодардың Солтүстік ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Ринат Ихиенов.

Құқық қорғау органдарына жүгінген жәбірленуші бесеудің берген жауаптарын мұқият тексеру алаяқтардың тағы бірнеше қулықтарын қосты. «Қоңырау шалушы өз құрбанына күйеуі, ағасы, немесе отбасының жақын досы қала сыртынды тұр, оның көлігі бұзылған, сондықтан да эвакутордың қызметін қажет етеді деп хабарлаған. Белгісіз қоңырау шалушы қайырымды көмек көрсетуші ролін ойнап, оған көмегін ұсынған, тек оған эвакуатор үшін ақша беру керек деген, ең таңқаларлығы — адамдар еш күмәнсіз сенген»,- деді Р. Ихиенов.

Қоңырау шалушының «ертегісіне» сенбеген Павлодар қаласының бір тұрғыны полицияға жүгінгеннен кейін ғана алаяқтардың бірі құрықталған. Криминалдық полиция қызметкерлері 13 мың теңге беру үстінде облыс орталығының 21 жасар тұрғынын ұстаған. Ол Павлодардағы бір техникалық қызмет көрсету орнында жұмыс істейді. Полицейлердің айтуынша, ол тағы екі эпизодты өз мойнына алған, бірақ бұл көрсеткіш соңғы көрсеткіш емес.

Ұсталған алаяқты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабына сәйкес (алаяқтық) үш жылға дейін бас бостандығынан айыру күтіп тұр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті