Павлодарда "Ауди" автокөлігі жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтуіне арналған жолақ үстінде үш баланы соғып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "Ауди" автокөлігі жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтуіне арналған жолақ үстінде үш баланы соғып кетті

Павлодарда "Ауди" автокөлігі жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтуіне арналған жолақ үстінде үш баланы соғып кетті

Павлодарда жол апатынан үш бала зардап шекті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 533
Фото - Caravan.kz

Жол полициясының кезекші бөлімінен хабарлағанындай, қаланың солтүстігінен оңтүстік бөлігіне қарай қатты жылдамдықпен келе жатқан «Ауди-100» автокөлігі жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтуіне арналған жолақ үстімен өтіп келе жатқан үш баланы соғып кетті. Жол апаты салдарынан 2-ші сыныпта оқитын екі қыз бен бір ұл басынан жарақаттанып, қол-аяқтары сынып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Полиция ақпаратына сәйкес, балалардың мектептен қайтар жолындағы жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтуіне арналған жолақ бағдаршаммен реттеледі. Алайда, кейбір мәліметтерге қарағанда, апат кезінде бағдаршам жұмыссыз тұрған.
Жол полициясынан хабарлағанындай, тек жыл соңынан бері облыста 30 жол апатынан 32 бала зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар