Павлодарда белгісіз біреу полицейді өз учаскесінде пышақтап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда белгісіз біреу полицейді өз учаскесінде пышақтап өлтірді

Павлодарда белгісіз біреу полицейді өз учаскесінде пышақтап өлтірді

Павлодарда белгісіз біреу полиция учаскесінде ІІМ қызметкерінің мойын тұсына 4 мәрте пышақ салып, өлтіріп кетті, - деп хабарлайды «ОСА» автомобильшілердің қоғамдық бірлестігінің ресми сайты.

  • 22 Маусым 2015
  • 373
Фото - Caravan.kz

Оқиға 21 маусым күні кешкі уақытта Усольский ықшамауданында орын алған. Жас мөлшері 30-дар шамасындағы сақшының денесі Павлодар ІІБ №15 полиция пунктінен табылды. Куәгерлердің айтуынша, полицей мойынын ұстап, учаскелік пункттен атып шыққан. Ол "Көмектесіңіздер!" деп айқайлап, кейін құлап түскен.

Өлген адам жергілікті учаскелік полицей болып шықты.


Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, полицей алған жарақаттан көз жұмған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өлген ер адамның Усольский ықшамауданында пәтер жалдап тұрғаны, артында кішкентай қызы қалғаны белгілі болды.