Павлодарда бір ай бұрын жоғалған Бауыржанды іздеуге АҚШ-тағы бақсы атсалысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бір ай бұрын жоғалған Бауыржанды іздеуге АҚШ-тағы бақсы атсалысуда

Павлодарда бір ай бұрын жоғалған Бауыржанды іздеуге АҚШ-тағы бақсы атсалысуда

 

  • 7 Шiлде 2016
  • 421
Фото - Caravan.kz

Павлодарда бір ай бұрын жоғалған Бауыржан Нұрмұхамбетовты АҚШ-тағы бақсының көмегімен іздестіріп жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Еріктілердің айтуынша, жігітті осыдан бірнеше күн бұрын Павлодар ауданы Мичурин мен Сычевка ауылдарынан іздеген.

“Бауыржанның қай жерде жүргені жайлы бізге АҚШ-тағы бақсы баяндап берді. Штаттарда тұратын павлодарлық еріктіні тауып алдық. Ол қосымша ақпарат алу үшін бақсының көмегіне жүгінген. Қазіргі таңда көріпкел айтқан жерлерде Бауыржанды іздестіріп жатырмыз. Әзірге дәл қай жерде жүргенімізді айта алмаймыз, – деді ерікті.


Естеріңізге сала кетсек, 20-жастағы жігітті іздестіруге еріктілер мен полиция қызметкерлерінен басқа, қазақстандық көріпкелдер де қосылған болатын. Олардың айтуынша, Бауыржанды Павлодар облысының Качир ауданы мен Астана қаласы маңынан іздестіріп келген, бірақ әлі де еш нәтиже жоқ. Осыдан екі апта бұрын Бауыржанның ата-анасы бейнехабарлама жолдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар