Павлодарда бірнеше саяжай отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бірнеше саяжай отқа оранды

Павлодарда бірнеше саяжай отқа оранды

Павлодарда екі кештің ортасында 20-ға жуық саяжай өртеніп, қаланың құтқарушыларын аяғынан тік тұрғызды. Жарты тәуліктей лапылдаған жалын үйлердің түгін қалдырмаған.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 296
Фото - Caravan.kz


Оқиға, шамамен кешкі алтылар шамасында болды. Құтқарушылардың болжамынша, қараусыз саяжайлардағы қаулаған қамыс өздігінен тұтанып, ағаш қоршаулар арқылы күш алып кетіпті. Салдарынан, қолданыстағы бірнеше үйдің күлі ғана қалған. Ал 3 мың шаршы метр аумақты шарпыған отты өрт сөндірушілер таңға жуық әрең сөндірді. Ешкім зардап шеккен жоқ.