Павлодарда экологтар бір-бірімен қырқысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда экологтар бір-бірімен қырқысып жатыр

Павлодарда экологтар бір-бірімен қырқысып жатыр

Павлодар облысының экологтары бір-бірімен қырқысып жатыр. Осыдан бір жыл бұрын себепсіз жұмыстан қуылған Ержан Оразалинов сотқа жүгініп, ақыры бұрынғы орнына қайта қабылдансын деген шешім шығарылған. Бірақ, департаменттегілер оны босағадан аттатар емес. Басшыларының кесірінен 8 ай жұмысыз отырған азамат енді кімнен араша сұрарын білмей отыр.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 272
Фото - Caravan.kz

Қуғындауға ұшырап, 8 ай жұмыссыз жүрген Ержан Оразалинов осылайша бастығының алдын кес-кестеп, жұмыс орнына кірмек болды. Себебі, соттың шешімін департаменттегілер елемей отыр. Ал, мына бейнетүсірілімді амалы құрыған азамат бұған дейін жазып алыпты. Жұмысын сағынып келгенде, сағы сынып қайтқан.

« — Где решение???

— Привезу решение, запустите?

— Нет.

— Все, хорошо.»

Құзырлы орындардың табалдырығын тоздырған маман текке сөгіс естігенін даулап жүр. Алғашқы екеуінің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеген. Кассациялық сотқа жіберілген, әрі қуылуына себеп болған соңғы сөгіс, тіпті, ақылға сыйымсыз.

Ержан Оразалинов, Экология департаментінің қызметкері:

-Зауыт аумағында үш шөлмек, целлофан пакет пен қағаз жатты. Мен аула ластанған жоқ деп құжат толтырдым. Кейін олар мені шығынды неге есептемедің деп сөкті. Күлкілі ғой. Сондағы шығыны елу-ақ теңге.

Ал, осыдан тура жарты жыл бұрын өңірдің бас экологын белгісіз біреулер шошытқан болатын. Таң алакеуімінде кабинет терезесіне 4 шөлмек жанармай қоспасы ұшып, құжаттар өртенуге шақ қалған. Сол кезде, бұрынғы қызметкерлерінен күдіктенген шенеунік сабырлылықпен жағдайды түсіндіріп жатыр.


Қанат Қалмахан, Экология департаменті бастығының орынбасары:

-Ол заңға сәйкес үкім қағазын алып келуі тиіс. Содан кейін біз оны жұмысқа қайта қабылдаймыз.

Қисынға салсақ, алпауыт зауыттардың түтініне тұншыққан Павлодар қаласының экологиясы тұрмақ, осы саланың тізгінін ұстаған мамандардың қарым-қатынасы да алаңдатарлық жағдайда. Кезекті рет опық жеп қайтқан Оразалинов келеңсіздік тағы қайталанса, Нұр Отан партиясынан араша сұрамақ. Өзінің тікелей басшыларынан секем алған маман, тым болмағанда мүшелігінде 8 жыл жүрген партиясы қарап қалмайды деген үмітте