Павлодарда ерекше шырша бой көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ерекше шырша бой көтерді

Павлодарда ерекше шырша бой көтерді

Павлодарда биіктігі 4 метрге жуық металл шырша бой көтерді. Оны алюминий құймаларынан электролиз зауытының қызметкерлері құрастырған. 

  • 29 Желтоқсан 2015
  • 182
Фото - Caravan.kz

Бұған бір жұмыс күнін арнаған олар 500-ден аса алюминий құймасынан биіктігі 4 метрді құрайтын шыршаны орнатыпты. Ал салмағы 4 тоннаға жуықтайды. Кәдімгі қылқанжапырақты ағаштай безендірілген металл шырша зауыттың әр цехтары арасында ұйымдастырылған байқауға орай тұрғызылғанын айта кетейік. Сондықтан мұнда шыршаның анод пен электризолятордан құйылған нұсқасы да бар.



Марнагүл Қарамбаева, қоймашы

Осы біздің ауыр қарбалас жұмысқа қарамай, біздің жұмыскерлеріміз мерекені тойлайық деп осындай әдемі шырша құрдық. Қосылып, бірігіп бәріміз бір қуаныш әкелейік деп өз көңілімізге.

Соңғы жаңалықтар