Павлодарда іс-түссіз жоғалған оқушы қыз қаза табуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда іс-түссіз жоғалған оқушы қыз қаза табуы мүмкін

Павлодарда іс-түссіз жоғалған оқушы қыз қаза табуы мүмкін

Павлодар облысындағы іс-түссіз кеткен қыз қаза табуы мүмкін!  Оқушыны бес күн бойы іздеген тәртіп сақшылары осындай болжам жасап отыр.

  • 26 Қазан 2013
  • 482
Фото - Caravan.kz

14 жастағы Анастасия Шарипованы төңіректі түгел тінтіп іздеп жатқандардың саны қазір 300 адамға жуықтапты. Оның ішінде полицейлер, сарбаздар мен жергілікті тұрғындар бар. Ауыл іші толық тексерілгеннен кейін, елді-мекен маңы да парапланмен әуеден барланып шыққан. Кинологтардың иісшіл иттері де із кесе алмапты.


Алма Мұсабекова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз өкілі:

— Қазіргі уақытта жоғалған қызға қатысты, кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сүңгуірлер ауыл маңынан өтетін арнаны тінтіп жатыр. Әзірге, іздестіру жұмстары нәтиже берген жоқ.