Павлодарда кәсіпкер әйелді өлтірген күдікті қылмысын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда кәсіпкер әйелді өлтірген күдікті қылмысын мойындады

Павлодарда кәсіпкер әйелді өлтірген күдікті қылмысын мойындады

Өрт сөндіру барысында Красноармейка ауылының маңында ағаш арасынан мүрдесі табылған әйелді

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

өлтірген күдікті қылмысын мойындады, деп хабарлады Павлодар облысының ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Еске сала кетейік, әйелге 27 тамыздан бастап іздестіру жарияланған. Оны 12 күннен кейін өрт сөндірушілер тапты. Белгілі болғандай, қаза тапқан әйел бизнеспен айналысқан.

Оны соңғы  рет оның әр алуан тапсырмасын орындап жүрген жалдамалы жүргізушісі көрген. Алдымен ер адам әйелдің Ақсуға бармақшы болғанын айтқан, кейіннен өзінің жұмыс берушісін өлтіргенін мойындады. Күдікті қылмыс жасаған заттай айғағын (денені көмген күрек пен бау) көрсетті.

Қылмысқа қатысты күдікті екінші адам жүргізушінің жақын туысқаны, ол елден шықпау туралы қолхатпен босатылды.


Б. Мағзұмованың айтуынша, оқиға орын алған кезде ол қалада болмаған, оған дәлел бар.

Қазіргі уақытта әйелдің қаза табу себебін анықтайтын сот-сараптамалық талдау жүргізілуде.

Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында марқұм әйелдің балалары анасын өлер алдында біреу қысымға алғанын, пәтерінде біреу болып,  ірі сомада ақша жоғалғанын айтты.