Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтары табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтары табылды

Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтары табылды

Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтары табылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қараша 2003
  • 410
Фото - Caravan.kz

Облыстық құқық қорғау органдарындағы сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, үнпарақтар Орталық мешіт пен С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет ғимаратында, сондай-ақ, қала көшелерінде таратылған. Қазіргі жағдаймен оншақты үнпарақтар табылып отыр. Оларды таратушылардың аты-жөні әзірге белгісіз. Ақпарат көзінің айтуынша, жекелеген үнпарақтарда ұлтаралық және дінаралық араздықты туғызуға бағытталған үндеулер, нәсілдік, ұлттық және әлеуметтік тобына қарай азаматтардың бір-бірінен артықшылығын немесе кемдігін уағыздайтын үндеулер жарияланыпты. Үнқағаздар Павлодарға еліміздің оңтүстік аймақтарынан әкелінген деп саналуда.

Бұл — исламдық экстремистік сипаттағы «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының үнпарақтары табылған Павлодардағы алғашқы жағдай емес. Осыдан үш жыл бұрын Екібастұзда діндар жастар арасында қазіргі конституциялық құрылымды көпе-көрнеу жоюға шақыратын үндеулер жарияланған басылымдарды таратып жүрген кавказ текті ер адам ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар