Жарияланды: 350

Павлодарда көлік ұрлағаны үшін ұсталған үш жігіт күретамырларын қиып жіберді

Павлодарда көлік ұрлап айдап әкеткені үшін ұсталған үш жігіт күретамырларын қиып жіберді. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІБ жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Павлодардың Кутузов көшесінің бойында ораласқан көп қабатты тұрғын үйдің ауласынан ВАЗ-21011 автокөлігі ұрланған болатын. Көлік тонаушылар сол күні ұсталды. Тонаушылар 18-21 жас аралығындағы, бұған дейін пәтер тонағаны үшін сотталған үш жігіт болып шықты. Тұтқынға алған кезде олар түгелдей мас күйінде болған. Полицияға жеткізілгеннен кейін әлгілер өздерінің ВИЧ жұқтырған адамдар екенін, ауруды жұқтыру қаупі бар екенін хабарлай отырып, күретамырларын қиып жіберген. Мұндай әрекетке бару арқылы тонаушылардың қандай мақсат көздегенін жол полициясындағылар тәптіштеген жоқ. Қазір тұтқындар уақытша тергеу қапасына қамалды. Олар "Жигулиді" шынында да тонағандарын мойындады. Полицейлер ендігі жерде олардың Павлодардағы тағы бір көлік ұрлау қылмысына қатыстылығын тексеріп жатыр. 2003-жылғы 1-қарашадағы жағдаймен Павлодар облыстық СПИД-орталығының мәліметіне сәйкес, облыс бойынша ВИЧ індетін жұқтырған 788 адам тіркеуде тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін