Павлодарда көтергіш кранның жебесіне соғылған адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда көтергіш кранның жебесіне соғылған адам мерт болды

Павлодарда көтергіш кранның жебесіне соғылған адам мерт болды

Осы аптаның басында 1973 жылы туған сылақшы «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалының цехының төбесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде көтергіш кранның жебесіне соғылды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 542
Фото - Caravan.kz

Жұмысшы алған жарақаттардан құлап, оқиға орнында жан тапсырды.

ЖШС-тің 53 жастағы прорабына еңбек қауіпсіздігін сақтамағандығы үшін ҚР ҚК 152-баптың 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Павлодар облысының Ақсу қаласында ЖШС-тің 40 жастағы электршісін көшені жарықтандыру жұмыстарын жүргізу кезінде ток соқты. Ол ауруханаға «екінші дәрежелі элктр жарақатын алған» деген диагнозбен жеткізілді.

Осы жағдайларға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр.