Бұл мектептің құрылысы былтырғы қазан айында басталған. Алайда нысанның салынып бітуінен бұрын, құлауы тез болды. Бірінші қабаттың төбесінің жүз шаршы метрі опырылып түскен сәтте, ішінде 70-ке жуық жұмысшы жүріпті. Құдай сақтап, барлығы аман қалған. Алдын ала болжам бойынша, апат бетон бекітпелері мен құрылыс материалдарының сапасыз салынуынан болған.
Битөре Әбдіхалықов, Павлодар облыстық Құрылыс басқармасының бас маманы:
-Жорамалдарға қарағанда, жабын тақтасының астындағы тірегішінің майысуына байланысты. Жабынның құлауы сол технология құрылысы техникасының кішкене ауытқуларынан деп есептеп отырмыз. Қазіргі кезде мектепте оқушылар жоқ, мектеп әлі тапсырысқа берілген жоқ.