Павлодарда порноролик түсіргендер кімдер? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда порноролик түсіргендер кімдер?

Павлодарда порноролик түсіргендер кімдер?

Павлодардағы кофехана басшылығы порнороликтің авторлары мен таратушыларын жауапқа тартуды талап еткен болатын. Қазір бұл іспен полиция айналысуда.

  • 27 Маусым 2017
  • 5482
Фото - Caravan.kz

Ал құзырлы орындарға шағым айтуға тура сол кофеханада түсірілген атышулы порноролик себеп, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейнежазбада бір қыздың кафе ішінде әлдебір жігітке өзімен бірге әжетханаға баруды ұсынғаны көрсетілген. Бұған жігіт келісе кетеді. Сөйтіп, олар әжетхананы ішінен жауып алады да, жыныстық қатынаспен айналыса бастайды.

Кофехана басшыларының айтуынша, бұл видео осыдан үш жыл бұрын түсірілген. Бейнежазбаның авторлары кімдер екенін және олардың роликті осыншама уақыт өткен соң ғаламторға не үшін салғанын полициядағылар анықтауы тиіс.

Кофехананың Instaqram-дағы ресми парақшасында бұл порноролик авторларының Павлодардағы басқа кафелерде, тіпті басқа қалаларда да осындай видео түсіргені туралы айтылған.       


Соңғы жаңалықтар