Павлодарда құрылысшы студенттер отрядының 20 сарбазы Қазақстандағы тұңғыш электролиз зауытының құрылысына қосқан үлесі үшін марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда құрылысшы студенттер отрядының 20 сарбазы Қазақстандағы тұңғыш электролиз зауытының құрылысына қосқан үлесі үшін марапатталды

Павлодарда құрылысшы студенттер отрядының 20 сарбазы Қазақстандағы тұңғыш электролиз зауытының құрылысына қосқан үлесі үшін марапатталды

Павлодар. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда құрылысшы студенттер отрядының 20 сарбазын Қазақстандағы тұңғыш электролиз зауытының құрылысына қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Наурыз 2008
  • 973
Фото - Caravan.kz

«Жаңа зауытты іске қосу мен оның аяғынан тұру сатысында бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін біз ризашылығымызды білдіреміз, сіздердің қосқан үлестеріңіз өлшеусіз», — деді студенттерге қаратып айтқан сөзінде «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ вице-президенті Жұмабек Қамзин.

Оның айтуынша, нысанның бірінші кезегінің құрылысына 2 мыңнан аса адам қатысқан. «Олардың көбі марапатталды, сөйтіп бүгін біз ең белсенді сарбаздардың еңбегін де атап өтуді жөн көрдік», -деді вице-президент.

Құрылысшы студенттер отрядының 20 сарбазы, соның ішінде 6 қыз «Қазақстандағы тұңғыш электролиз зауытының құрылысын салуға қатысушы» атты ескерткіш белгіге ие болды. Жастар үш жаз бойғы еңбек маусымында құрылыс алаңында еңбек етіп, нысанның іргетасын қалдау, қабырғасын тұрғызу мен жабдықтарды құрастыруға атсалысқан.

Ж. Қамзиннің айтуынша, ескерткіш белгі арнайы тиын сарайында арнаулы металл қоспадан жасалған. Дизайны мен салмағы жағынан оның мемлекеттік сыйлықтардан ешбір айырмашылығы жоқ.

Облыстық суденттердің құрылыс отрядтары мен жастардың еңбек отрядтары штабының төрағасы Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, республикалық штабтың шешімімен электролиз зауыты жылдың ең таңдаулы жұмыс беруші деп танылды. Жазғы үш семестрде бұл жерде 400 жуық техникалық және инженерлік мамандық иелері жұмысқа қамтылды.

«Бұл нысанға еліміз бойынша ең көп студент қатысты», -деді Н. Әбілшайықов. Әр студент бір семестрде 30 — 45 мың теңге пайда тапты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сөзінде «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ бірінші кезегінің құрылысы 2005 жылдың 14 мамырында басталған. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 62 мың тонна алюминий құймасына тең. 2007 жылдың 12 желтоқсанында зауытты салтанатты түрде іске қосу рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Қазақстан электролиз зауыты — мемлекеттік «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасынан бірінші жүзеге асырылған жоба.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті