Павлодарда трамвайлар жүре алмай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда трамвайлар жүре алмай қалды

Павлодарда трамвайлар жүре алмай қалды

Бүгін Павлодарда Солтүстік өндіріс аумағындағы кәсіпорындардың қызметкерлері таңертең әдеттегідей трамваймен емес, жұмысқа автобуспен келуге мәжбүр болды. 

  • 22 Маусым 2017
  • 275
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, түн ортасында түйіспе желісінің тіреуіне найзағай түскен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

—  Түйіспе желісінің үзіліп қалғаны туралы техникалық қызмет анықтаған, — деді трамвай басқармасындағылар. – Вагондар жолға шықпады. Сондықтан көлік кептелісі бола қойған жоқ. Солтүстік аумақтағы оннан астам кәсіпорынның, оның ішінде хим қалашығы, ЖЭО-ның қызметкерлерін тасымалдайтын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» ЖШС мен арнайы трамвай бағыты автобусқа ауыстырылды.    

Арнайы маршруттан басқа, бұл бағытта 3 және 4 жолаушылар вагоны қатынайды. 


 

Соңғы жаңалықтар