Павлодарда жылдап жалақы көрмеген құрылысшылар ереуілге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жылдап жалақы көрмеген құрылысшылар ереуілге шықты

Павлодарда жылдап жалақы көрмеген құрылысшылар ереуілге шықты

Павлодарда екі жыл бойы жалақыларын ала алмай келген құрылысшылар бас көтерді. Жергілікті шенеуніктердің айызша уәдесіне сенген құрылыс фирмасы кардиоорталықты өз ақшаларына жөндеген. Ақысын төлейтін уақыт келгенде құзырлы орындардығ барлығы теріс айналыпты.

  • 12 Сәуiр 2014
  • 304
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп фирма 150 жұмысшысына маңдай тер ақыларын екі жылдан бері төлей алмай отыр. Қазір еңбеккерлері алдындағы қарызы200 млн теңгеден асқан. Ашынған кәсіпкерлер сотқа арызданып, талаптарының заңдылығын дәлелдеген. Бірақ одан қайыр болмай тұр. Ал, бастапқыда уәдені үйіп-төккен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бар жауапкершілікті бас мердігерге арта салған. Айтуларынша, ақшаны да соларға түгел аударыпты. Білдей министрліктің сөзіне сеніп алдандық дегендер енді кімнен араша сұрарын білмей отыр.


Роза Манақанова, құрылыс фирмасының басышысы:

-Денсаулық сақтау министрлігінің шенділері, жауапты хатшысы Серікбол Рахымханұлы өтінемін, берген уәдеңіз қайда?! Қарызымызды қайтарыңыз!