ПавлодардаЖүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ПавлодардаЖүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды

ПавлодардаЖүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды

Павлодарда Алашорда қайраткерлерінің бірі, көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды. Биыл оның туғанына 125 жыл толып отыр.

  • 20 Қыркүйек 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

Қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданына қарасты Қызыл ту, қазіргі Аймауытов ауылында дүниеге келген. Қаламгердің туған өлкесінде оның есімімен аталатын  қазақ музыкалық драма театры бар. Өнер ордасының алдында енді қола мен граниттен жасалған, іргетасының биіктігі 7 жарым метрден асатын ескерткіш бой көтерді. Оның бейнесін астаналық мүсінші Ермек Тоқтаров жасады. Айта кету керек, қуғынға  ұшыраған қазақ жазушысының жерленген жері биыл ғана белгілі болып, Алашорда қайраткерінің бір уыс топырағы көрші Ресейден кіндік қаны тамған Баянауыл ауданына жеткізілді. Ал бүгінгі шараға Аймауытовтың немересі де келді.  


Рима Аймауытова, Жүсіпбек Аймауытовтың немересі:

Мен Жүсіпбек Аймауытовтың үлкен ұлы Бектұрдың қызымын. Сондықтан мұндай шарадан қалуым орынсыз болар еді. Бойымды қазір керемет сезімдер кернеп тұр. Атақты қаламгердің ұрпағы екенімді мақтан етемін. Оның жерлестеріне деген  алғысым шексіз.