Павлодарға тағы да жаңа трамвай жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.53
  • 543.73
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарға тағы да жаңа трамвай жеткізілді

Павлодарға тағы да жаңа трамвай жеткізілді

Бұл Беларусь елінен әкелінген алтыншы трамвай. Жақын күндері тағы бір вагонның келуі күтіліп отыр

  • 5 Мамыр
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс орталығындағы трамвай вагондарын жаңарту жалғаса түсуде. Қаладағы трамвай паркіне Беларусь елінен тағы бір жаңа вагон жеткізілді.

— Осымен жаңадан алтыншы вагон алынып отыр. Жақын күндері тағы бір вагонның келуі күтілуде. Осылайша, еуропалық сападағы заманауи трамвайлардың алғашқы ондығына сенімді түрде жақындап келеміз. Қала тұрғындарының жол жүруін бұдан да жайлы әрі ыңғайлы ету үшін жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңартып жатырмыз. Қазіргі күні бес жаңа вагон қала көшелерінде күн сайын қатынап, мыңдаған жолаушыларды тасымалдауда, — деп хабарлады Д. Д. Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасынан.