Павлодарлық мүгедектерге инватаксимен жүруге шектеу қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық мүгедектерге инватаксимен жүруге шектеу қойылады

Павлодарлық мүгедектерге инватаксимен жүруге шектеу қойылады

Павлодарда мүгедектер бас көтерді. Кемтар жандар министрліктің әзірлеген қаулысына наразы. Айтуларынша, жаңа құжат қабылданған күнде инватаксимен жүрулеріне шектеу қойылады.

  • 27 Қыркүйек 2013
  • 257
Фото - Caravan.kz

Өзгертулерге сәйкес енді арбаға таңылғандар инватаксидің қызметін тек айына 10 рет пайдалана алады. Ал қалған жүрістері өз қалталарынан төленуі тиіс. Сондай-ақ, жарымжандар дүкен-базарларға, туыстары мен жолдастарына бұрынғыдай бара алмайды. Бұл тармақты министрліктегілер қажетсіз деп шешіпті. Қазір жарымжандарға инватаксидің қызметі демалыс, мереке күндері кешкі сағат 8-ге дейін көрсетіледі. Ал жаңа жоба бойынша, мүгедек бар жұмыстарын сағат 6-ға дейін бітіруі тиіс. Құқықтары шектелген жандар Үкіметке арнайы хат жазғалы жатыр.


Айман Ақбірғанова, Бірінші топтағы мүгедек:

— Қазір күнде-күнде апарады, дегенмен де біз де қыдырамыз, күлеміз, достарымызбен кездесеміз. Ал енді қазір бізді апармаса, үйде отырамыз, болды. Түрмеде сияқты отырамыз.