Павлодарлық оқушы Бразилияда өткен математика олимпиадасында алтын медаль алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық оқушы Бразилияда өткен математика олимпиадасында алтын медаль алды

Павлодарлық оқушы Бразилияда өткен математика олимпиадасында алтын медаль алды

Павлодардағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Әмір Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Халықаралық математика олимпиадасының алтын медалін еншіледі, деп хабарлайды palodarnews.kz.

  • 25 Шiлде 2017
  • 346
Фото - Caravan.kz

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мамандарының хабарлауынша, 58-ші Халықаралық математика олимпиадасы 12-ші шілдеде басталып, 223 шілдеде аяқталған.

Жаңалықты шетелден оқушының жетекшілері хабарлады. «Аталмыш білім сайысына әлемнің 100 мемлекетінен 600-ге жуық оқушы қатысты. Әлемдік додаға Қазақстан Республикасының атынан математика пәні бойынша құрама командасының сапында 6 оқушы бақ сынады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстанның командасы 4 медальға ие болды. Оның біреуі алтын, екеуі күміс біреуі қола. Сондай-ақ, бір бала ұйымдастырушылардың Құрмет грамотасымен марапатталды», — дейді ұстаздар.

Қазақстанға бұйырған бір алтын біздің жерлесіміз Мохаммед-Әли Әмірдің еншісінде. Жүзден жүйрік шыққан талапты жас халықаралық математика олимпиадасын осымен екінші рет бағындырып отыр. Байқау былтыр Қытайдың Гонконг қаласында өткен болатын. Сонымен қатар, Жәутіков атындағы XIII Халықаралық олимпиадасының алтын медалін, XVI «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасының күміс медалін иеленді.

Павлодарлық оқушылар химия олимпиадасында да жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Тайланд елінде өткен 49-ші Халықаралық химия олимпиадасында әлемнің 76 елінен келген 304 оқушының арасынан бұйырған төрт медальдің бірі — «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Темірлан Рахымовта. 


 

Соңғы жаңалықтар