Павлодарлық тәртіп сақшылары сақтау қоймасын тексеру барысында айғақзатты ауыстыру дерегінің бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық тәртіп сақшылары сақтау қоймасын тексеру барысында айғақзатты ауыстыру дерегінің бетін ашты

Павлодарлық тәртіп сақшылары сақтау қоймасын тексеру барысында айғақзатты ауыстыру дерегінің бетін ашты

ПАВЛОДАР. 12 шілде. Kazakhstan Today. Павлодар Солтүстік ішкі істер бөліміндегі сақтау қоймасын тексеру барысында облыстық ІІД тергеу басқармасы мен облыстық прокуратура қызметкерлері қылмыстық іске қатысы бар айғақзатты ауыстыру дерегінің бетін ашты: белгісіз біреулер героинді сода мен тұздың қоспасымен ауыстырып тастаған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 12 Шiлде 2007
  • 375
Фото - Caravan.kz

«Бұрынғы жылдардағы бір қылмыстық іске қатысы бар айғақзатты тексеру барысында қызметкерлер полиэтилен дорбаның түбі қарапайым тәсілмен күйдіріліп жапсырылғанын анықтаған. Мұны арнаулы сараптама да дәлелдеді» ,- деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Біләлова.

Сонымен бірге сарапшылар дорбада салмағы 100 грамм героиннің орнына сода (натрий гидрокарбонаты) мен ас тұзы (натрий хлориді) салынғанын анықтады.

Бұл дерек бойынша Павлодар облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 260 бабы, 3 тармағы, «б» тармақшасы бойынша (аса ірі көлемде есірткілік немесе психотроптық заттарды ұрлау немесе бопсалау) қылмыстық іс қозғады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. «Айғақзат сақтау қоймасында 2001-жылдан бері тұрғандығын, өткен 6 жылда қойма үшін жауап беретін екі адам ауысқанын, айғақзаттарға қатысты қадағалау шаралары қазіргімен салыстырғанда мүлдем нашар болғандығын ескергенде, кінәлі адамды табу қиын», — деді Ж. Біләлова.

Ал қазір қылмыстық істі тергеу басқармасынан Павлодар облыстық ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасына беру жайы шешілуде.

Департамент басшылығы бірақ қылмысқа қатысы барлар міндетті түрде табылады деп сендіруде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті