Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Астана. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Пекинде наурыздың 18 мен 19 күндері Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Наурыз 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

І. Омаровтың айтуынша, ұлттық үйлестірушілер Шанхай ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары кеңесінің, үкімет басшылары кеңесі мен сыртқы істер министрлері кеңесінің отырыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің жүзеге асырылу барысын қарауды жоспарлауда. Бұған қоса «мемлекет басшыларының алдағы Душанбеде өтетін саммитіне, Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына дайындық пен ұйымның ағымдағы іс-қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланады». Баспасөз хатшысының нақтылауынша, атап айтсақ, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы -Ауғанстан» байланыс тобының аясында Ауғанстанмен ықпалдастықты пәрмендендіру мәселелерін талқылау межеленуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті