Пентагонның бұрынғы басшысы Б.Обаманың Ауғанстанға қатысты саясатын сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пентагонның бұрынғы басшысы Б.Обаманың Ауғанстанға қатысты саясатын сынға алды

Пентагонның бұрынғы басшысы Б.Обаманың Ауғанстанға қатысты саясатын сынға алды

АҚШ-тың бұрынғы Қорғаныс министрі Роберт Гейтс кітап жазып, онда президент Барак Обаманың Ауғанстанға қатысты стратегиясын қатты сынға алды.

  • 8 Қаңтар 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында ВВС Орыс жаңалықтары хабарлады.

Р.Гейтс өзінің «Қызмет: әскери министрдің ғұмырнамасы» атты кітабында Обаманың Ауғанстанға қатысты американдық стратегияның дұрыстығына күмәнмен қарағандығын жазады. Сондай-ақ оның жазуынша, АҚШ Президенті өзіне дейін билік басында болған Джордж Буштан мұраға қалған Ирак пен Ауғанстандағы соғыстың мән-жайын терең зерделеп қарамаған. «Ол үшін ең бастысы әскерді шығару болды», — деп жазады экс-министр.

Айта кетейік, Роберт Гейтс Джордж Буш пен Барак Обама тұсында Пентагонды басқарған болатын. Ол 2011 жылдың жазында қызметінен кетті.