Америкалық FriendFinder Networks Inc. компаниясы сейсенбіде жеті жыл бойы шығынға батып отырғандықтан банкротқа ұшырауы туралы мәлімдеме берді, бұл компанияға Penthouse журналы, танысулар веб-сайттары, оның ішінде FriendFinder.com, Adult FriendFinder.com және Cams.com тиесілі.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, FriendFinder Делавэр штатының сотына арыз берді, онда АҚШ –тың банкроттық туралы кодексінің 11 тармағына орай несиегерлерден қорғау туралы айтылған. Онымен қатар тағы үлестес 39 компания банкротқа ұшырағандары туралы жариялады.
Флорида штатында орныққан FriendFinder міндеттемелері құжатта 500 млн — 1 млрд доллар деп бағалануда, активтері 1 млн-10 млн доллар.
Bloomberg мәліметтеріне қарағанда, FriendFinder 2006 жылдан бері таза пайдасын тіркемеген, 2013 жылдың 2-ші тоқсандағы таза шығыны10,3 млн долларды құраған немесе акцияға есептегенде 32 цент.