Пенжім ауылындағы жаппай төбелестен зардап шеккендер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пенжім ауылындағы жаппай төбелестен зардап шеккендер бар

Пенжім ауылындағы жаппай төбелестен зардап шеккендер бар

Алматы облысының Полиция департаменті 27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасына Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жасар жасөспірімнің дене жарақатымен келіп түскенін мәлімдеді.

  • 28 Қазан 2021
  • 79
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында 9-шы және 10-шы сынып екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып , арты оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды, делінеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.


Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда, делінген хабарда.

 

Соңғы жаңалықтар