Перуашев пен Сәрiнжiпов арасындағы дауға байланысты филологиялық сараптама енгiзiлдi - IIМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перуашев пен Сәрiнжiпов арасындағы дауға байланысты филологиялық сараптама енгiзiлдi - IIМ

Перуашев пен Сәрiнжiпов арасындағы дауға байланысты филологиялық сараптама енгiзiлдi - IIМ

Депутат Азат Перуашев пен министр Аслан Сәрiнжiпов арасындағы дауға байланысты филологиялық сараптама енгiзiлдi.

  • 22 Маусым 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгiн тiлшiлерге берген сұхбатында ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов мәлiм еттi. 

"Бiзде қылмыстық iс қозғалды. Олардан жауап алынды. Бiз қазiр филологиялық сот сараптамасын енгiздiк, оның нәтижесiнде тиiстi шешiм қабылдаймыз", — дедi министр. 

Естерiңiзге сала кетсек, 27 мамыр күнi Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Азат Перуашев жоғары оқу орындары мен техникалық-кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының аккредитацияға өтуге қатысты Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қызметiн сынға алған болатын. Депутат ол кезде, "заңдарды өзгерте бергенше, министрдi ауыстырған жеңiлiрек болады" деген еді. Кейiн, министр Аслан Сәрiнжiпов БАҚ өкiлдерiне сұхбат берiп, Перуашевтiң жеке жоғары оқу орындарының мүддесiн қорғап жатқанын айтқан. Бұған наразы болған депутат Мәжiлiс спикерiнен Бас прокуратураға шағым түсiруiн сұрады.