Петропавл қаласында минералды судың бөтелкесіне құйылған арақтың ірі партиясы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл қаласында минералды судың бөтелкесіне құйылған арақтың ірі партиясы тәркіленді

Петропавл қаласында минералды судың бөтелкесіне құйылған арақтың ірі партиясы тәркіленді

Петропавл қаласы. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Петропавл қаласында "Көкшетау минералды сулары" АҚ-ның минералды суының бөтелкелеріне құйылған ірі көлемдегі арақ тәркіленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінде (ҰҚКД) мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 647
Фото - Caravan.kz

Бұл көлем үш миллион теңге сомасындағы акциздік маркасыз 11 мың бөтелкені құрады. Барлық өнім «Көкшетау минералды сулары» АҚ тиесілі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті атап көрсеткендей, көлік жүргізушісі бөтелкелердегі зат туралы өзінің бейхабар екендігін айтқан. Бірақ бұл мүмкін емес жағдай, дейді департамент қызметкерлері. Олардың пайымдауынша, жүк көлігі Петропавл қаласына апта сайын қатынап тұрған. «Бұдан ары қарай болжамдар өрбиді. Арақ өнімдерін қала дүкендеріне таратқан немесе Ресейге сатуға жіберіп отырған. Бұны анықтау қажет. Тексерусіз-ақ белгілі болып отырған жайт өнімдер салықтарды айналып кетіп отырған», — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінде.

Заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау көзделуде. Көкшетау қаласына бұл істі тексеру үшін жедел топ шықты. «Көкшетау минералды сулары» АҚ тергеу кезінде жабылуы да мүмкін.

«Барлық алкогольдік өнім зауытта шығарылған. Мұндай ірі көлемді басқаша шығару мүмкін емес. Оларда қандай да бір заңсыз конвейер бар», — деді Солтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД аға тергеушісі Өмірбай Бүркітәлімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті