Петропавл троллейбус паркі өз қабырғасында троллейбус жөндеу цехын жұмыстатып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл троллейбус паркі өз қабырғасында троллейбус жөндеу цехын жұмыстатып отыр

Петропавл троллейбус паркі өз қабырғасында троллейбус жөндеу цехын жұмыстатып отыр

2002-жылы Петропавл троллейбус паркінің қарамағында жөндеу цехы ашылғаннан бері мұнда кәсіпорынның өз күшімен 18 троллейбус, соның ішінде биыл 8 троллейбус жөнделді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне кәсіпорын директоры Николай Петров хабарлады.

  • 16 Қазан 2003
  • 510
Фото - Caravan.kz

Жөндеу цехының ашылуы нәтижесінде Петропавлдық троллейбусшылардың техника жөндеу құны анағұрлық арзандады. Егер бұған дейін Петропавлдықтар үшін Алматыдағы механикалық жөндеу зауытында бір троллейбусты жөндетуге 2 млн. доллар жұмсауға тура келсе, ендігі жерде өз күшімен жөндеу нәтижесінде бұл сан 300-350 мың теңгеге дейін азаюмен бірге бір көлікті жөндеуге бұдан былай бір ай мерзім ғана сарп етіледі. Тәулік бойы режимде жұмыс істейтін жөндеу цехында 40 адам еңбек етуде. Жыл соңына дейін кәсіпорын тағы бір көлікті күрделі жөндеуден өткізуді көздеп отыр.

Сондай-ақ, Н.Петровтың айтуына қарағанда, алдағы уақытта троллейбус паркы тағы да жаңа техникалармен толығады. Кәсіпорын Саратов облысындағы Энгельс қаласы мен Уфа қаласындағы зауыттармен осы жөніндегі келісімге қол қойды. Бір жаңа троллейбус Петропавловск көшелерінде желтоқсан айында пайда болса, екіншісі алдағы жылдың наурызында әкелінеді.
Бүгінде Петропавл троллейбус паркінің балансында 45 троллейбус бар.

Соңғы жаңалықтар