Петропавлда алаяққа алданған мүгедек пәтерінен қуылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда алаяққа алданған мүгедек пәтерінен қуылып жатыр

Петропавлда алаяққа алданған мүгедек пәтерінен қуылып жатыр

Петропавлда екінші топтағы мүгедек алаяқтың кесірінен далада қаңғып қалғалы тұр. Оған пәтерін кепілдікке қойдырып, несие алдырған  қылмыскер қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр екен. Алайда жарымжан жанның алаяққа жем болғанын ескермеген сот істі банктің пайдасына шешіп берген. Енді үш жылдан бері сот жағалап жүр.

  • 18 Сәуiр 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz

41 жастағы Александр Корчагин ер болсам да еңіреуден ұялмаймын дейді. Осыдан жеті жыл бұрын танысы банктен оған 5 млн теңгедей несие алдырған. Мүгедекке анасынан мұраға қалған мына екі бөлмелі пәтерді кепілге қойдырыпты.

Александр Корчагин, екінші топтағы мүгедек:
-Ол маған ақшаны бір айналыдырып алып, несиені қайтарам. Ал үстінен түскен пайдаға сенің аяғыңды емдетемін деп уәде берді.

Сөйтіп танысы несиені төлеуден бас тартқанда, Александр полицияға арызданыпты. Тергеу барысында алаяқтың тағы 8 адамды 24 миллион теңгеге алдап соққаны анықталған. Сот оны 5 жылға түрмеге тоғытты.  Енді сол соттың шешіміне сай өзін алаяқтың құрбаны болдым деген мүгедек банктен пәтерін қайтаруды талап етіп жүр.

Ольга Маслакова, адвокат:
-Петропавл қалалық соты алғашқыда  мүгедектің осы жылдары төлеп келген 3 млн теңгесін жалпы қарыздан шегді. Банкке тек 2 миллион теңге төлесін деп шешім шыққан. Алайда оған банк келіскен жоқ. Енді облыстық сот мүгедек
қарызды түгел яғни, 6 миллион теңге төлесін деп үкім шығарған.  

Мұндай ақша айына 25 мың теңге ғана алатын жарымжан азаматта мүлде жоқ. 7 жылда ол бар жиған тергенін банкке айына 60 мың теңгеден беріп келген. Бірақ төлеу қабілеті жоқ мүгедекке несие ресімдеген банкирлер де алған беттерінен қайтар емес.

-Қазір екінші топтағы мүгедек кассациялық сотқа шағым дайындап жатыр. Алайда бұл сотқа да сенбей отырған ол, пәтерімнен айырылсам, қаладағы қаңғыбастардың қатарын толықтырамын ба деп қорқады.