Петропавлда безбүйрек ана қос ұлын Мәскеуге тастап қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда безбүйрек ана қос ұлын Мәскеуге тастап қашып кеткен

Петропавлда безбүйрек ана қос ұлын Мәскеуге тастап қашып кеткен

Петропавлда 2 жасар және 6 айлық ағайынды сәбилердің анасы іздестіріліп жатыр. Безбүйрек ана ұлдарын Мәскеудегі жетімдер үйіне тастап, тайып тұрған. Бірақ балаларын іздеп келмеген соң, мәскеуліктер Қазақстан елшісінің көмегімен сәбилерді қайтадан Петропавлға жіберіпті.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 511
Фото - Caravan.kz

Облыстық балалар аурхуханасының мейірбикелері бір аптадан бері Мәскеуден келген балаларды өз қамқорлығына алған. Екі жасар Әмірдің тәбеті жақсы, алты айлық Руслан үш сағат сайын құты арқылы қарын тойдырып жатыр. 

Шәмшия Хамзина, балалар ауруханасының мейірбикесі:

-Жағдайлары қазір жақсы. Түскенде кішкене инфекция болды, вирусный инфекция, қазір бәрін емдедік, бәрі жақсы. Балалардың түскеніне бір жұма болды, біз де үйреніп қалдық балаларға, балалар да біздің қолымызға үйренді.  

Руслан сәуірдің 22-де ағасы Әмір сияқты Ресей астанасында туыпты.  Олардың анасы, Қазақстан азаматы Лилия Идиатова араға бір апта салып, ұлдарын жетімдер үйіне әкелген. Ол жерге балалары мен өзінің куәліктерін ғана қалдырыпты. Содан ізім-қайым жоқ. Көрші елдің тәртіп сақшылары  әйелдің құжаты бойынша оның Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданының Толбухинское ауылында тіркелгенін анықтап, кейін Қазақстан елшісімен байланысқан.

Ғалия Ілиясова , СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

-Елшілік қызметкерлері балаларды Алматы әуежайына әкелді. Сол жерден оларды біздің облыстық білім басқармасының өкілі мен медицина қызметкері қарсы алып, аман-есен Петропавлға жеткізді.

Қазір тастандылардың анасын іздестіріліп жатыр. Толбухинское ауылында оның еш ағайын-туысы жоқ көрінеді. 

-Әмір мен Руслан алдағы күндері облыстық балалар ауруханасынан сәбилер үйіне ауыстырылады. Егер жарты жыл бойы анасы не әкесі табылмаса, балаларды басқа отбасы асырап алуы мүмкін. Дендері сау, ақыл-естері  түзу, өздері сүп-сүйкімді балаларды бағып-қаққысы келетіндер міндетті түрде табылады дейді мамандар.