Жарияланды: 470

Петропавлда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 7 сауда үйі жабылуы мүмкін

Петропавлда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жеті сауда үйінің қызметін тоқтату туралы материалдар сотқа жолданды, деп хабарлады бейсенбі күні Петропавлдың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы.

«Петропавл қ. ТЖ жөніндегі басқармасы сауда нысандарының өртке қарсы жағдайын тексеру шараларын ұйымдастырды, тексеру барысында 7 ірі сауда нысанының өртке қарсы жағдайы тексерілді: «Сокол» сауда кешені, «Көктөбе-Қызылжар», «Океан» сауда үйлері, «Дария» базары», «Моронбон» ЖШС, «Ассорти» базары» ЖШС», «Есіл-Дизель» ЖШС, - деп хабарлайды басқарма. Аталған нысандардың бәрінде ҚР өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталды. Сондай-ақ, Петропавл қаласының мамандандырылған экономикалық сотына аталған нысандардың қызметін тоқтату туралы материалдар дайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін