Петропавлда санитарлық кітапшаларды рәсімдеу қызметін ұсынған алаяқ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда санитарлық кітапшаларды рәсімдеу қызметін ұсынған алаяқ ұсталды

Петропавлда санитарлық кітапшаларды рәсімдеу қызметін ұсынған алаяқ ұсталды

Петропавл ІІБ-ның полицейлері санитарлық кітапшаларды рәсімдеу бойынша ақылы қызмет ұсынған алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) ІІД баспасөз қызметі.

  • 11 Шiлде 2011
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Ер адам медициналық комиссиядан тез өтуде өз көмегін ұсынған. Бұл қызметі үшін 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін ақы сұраған», — деп хабарлайды дүйсенбі күні баспасөз қызметі. Ақша қолына түскен соң ізін суытып отырған, деп хабарлайды ІІД.

Полицияның ақпаратына сәйкес, «эпизодтардың барлығының сценариі бірдей болған:көп қабатты үйлердің алдында орындықта отырған немесе серуендеп жүрген әйелдерге жақсы киінген ер адам жақындаған. Ол өзін ірі фирманың немесе дүкеннің директоры деп таныстырып, жұмыс ұсынған. Алайда жұмысқа орналасу үшін санитарлық кітапша қажет екенін айтқан».

«Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны ұсталды, ол бұрын осындай қылмыстар үшін сотталған. Соңғы рет 2004 жылы санитарлық кітапшаларға байланысты алаяқтық үшін сотталған. 2010 жылдың наурызында бостандыққа шыққан», — деп мәлім етті Петропавл ІІБ тергеушісі Қуанышбек Зағыпаров.

«Күдікті тергеу оқшаулағышында отыр. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 177 бабы «алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар