Петропавлда жалғызбасты келіншек шиеттей бала-шағасымен орманда тұрып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жалғызбасты келіншек шиеттей бала-шағасымен орманда тұрып жатыр

Петропавлда жалғызбасты келіншек шиеттей бала-шағасымен орманда тұрып жатыр

Петропавлда көпбалала ана баспана таппай, орманда тұрып жатыр. Аққу Байділдинаның 4 баласы бар. Тұңғышының өзі 7-ге енді толған. Ал оларды жалғыз тәрбиелеп отырған ананың қалада ел қатарлы пәтер жалдауға қаражаты жоқ. Отбасы тұрып жатқан 20 шаршы метрде тіпті кәдімгі пеш те салынбаған. Бастауыш сыныпта оқитын ұлдары күн сайын алты шақырым жерден орман арасымен мектепке жаяу қатынап жүр.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz

38 жастағы Аққу Байділдина кенже қызы Дәмеліні былтыр желтоқсанда босанған. Ертеңіне бірден үйіне сұраныпты. Аналары перинаталды орталықта жатқанда, 3 баласы қыстың көзі қырауда ормандағы  мына үйде жалғыз отырған.

-Көпбалалы ана мына үйді 1 миллион теңгеге сатып алған. Алып саталар оны алдып соққанға ұқсайды. Пеші де жоқ, жылытылмайтын баспанада Аққу Байділдина 4 баламен әрең қыстап шыққан.

Ақтауда облыстық қаржы полициясында аға лейтенант болып қызмет еткен әйел қазір декреттік демалыста. 3 жыл бұрын күйеуінен ажырасып,  туған жері Петропавлға келген. Батыста қалған гаражын сатып, бар жиған тергенін қосқанда, ақшасы орман ішіндегі мына саяжайға ғана жетіпті.  

Аққу Байділдина, көпбалалы ана: 

-Мүмкін емес қой  21 ғасырда көпбалалы ана орманның ішінде тұруы. Бірақ қаладан  6 км жерде орман ішінде тұрамыз . Аялдамаға дейін жол жүру,  таңертең баларды апару өте қиын. Кішкене жаңбыр жауып өте ме,   балшық езіліп, шыға алмаймыз.

Баспана деуге аузың бармайтын 20 шаршы метрде айналып жүру мүмкін емес. Едендері шіріген, қабырғасы жұп жұқа. Теріскейдің аязында  сүйектен өтетін суықтан балалар қыс бойы ауырып шығыпты.


Аққу Байділдина, көпбалалы ана:   

-Үлкен балам есепте тұр, «пневмония»  диагнозымен. Өзім де туғанан кейін үйге келіп, бір жетінің ішінде  жүйке жүйелеріме зақым келіп бетім қисайып қалды.  Салқын ұстап қапты, мына жерден. 

Аққу қазір пәтер кезегінде 2765 болып тұр. Былтыр бұл кезек 200 адамға ғана алға жылжыған. Бұрынғы күйеуі төлейтін алимент пен балалардың жәрдемақысын қосқанда отбасыныңы табысы 40 мың теңгеден де аспайды. Бұл ақша дұрыс пәтер жалдауға мүлде жетпейтіні түсінікті. Тар жерден әбден тарыққан балалардың да бар ойы қазір баспанада.

-Үлкен үй болсын деп армандаймын. Өзіміздің баспанамыз болсын деп армандаймын.