Жарияланды: 460

Петропавлдағы ликер-арақ өндірісінде екі жұмысшы қаза тапты

16-ақпан, дүйсенбіде Петропавлдағы ликер-арақ өндірісінде 45 және 31 жастағы екі жұмысшы қаза тапты. Олардың мәйіті компрессор цехында кезекшілік ауысқан кезде табылған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиғаның егжей-тегжейі мен себептерін қазір мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясы мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандары анықтауда. Қазіргі жалғыз дәйек - көмірқышқыл газынан улану деген себепке келіп тіреліп отыр. Компрессорлық қондырғының машинистері қауіпсіздік техникасының тәртіптерін ескермеген деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін