Петропавлдың перзентханасында 20 жылдан бері тұңғыш рет төртем туылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдың перзентханасында 20 жылдан бері тұңғыш рет төртем туылды

Петропавлдың перзентханасында 20 жылдан бері тұңғыш рет төртем туылды

Солтүстік Қазақстан облысының перзентханасында 20 жылда тұңғыш рет төртем дүниеге келді, деп орталықтың дәрігері Жанна Мұратова мәлім етті.

  • 14 Маусым 2011
  • 411
Фото - Caravan.kz

Оның мәліметтерінше, 11-ші маусымда СҚО-ның бір ауданының 32 жасар тұрғын әйелі бірден 4 қыз баланы дүниеге келтірді. «Бұл біздің перзентхананың 20 жылдық тарихында төрт егіздің дүниеге келуі тұңғыш рет. Бұған дейін үшем туылудың 4 оқиғасы тіркелген», — деді Ж. Мұратова сейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.

Бас дәрігердің айтуынша, нәрестелерді әйелдің қарнын жарып алуға тура келіпті, себебі бұл, ол әйелдің көтерген тұңғыш нәрестелері екен. Нәрестелер дүниеге сәл ертелеу келгеніне қарамай және салмақтарының аздығына қарамай өздерін жақсы сезінуде.

«Ең кішкене қыз баланың салмағы – 1400 гр, ал қалғандарыныкі – 2 кг шамасында», — деді Ж. Мұратова.

«Әрине оларды мүлдем сау деуге келмейді, дегенмен олар реанимацияға немесе, қарқынды терапияға мұқтаж емес. Анасы мен қыздарды олар жеткілікті салмақ алып болған соң үйлеріне шығарады. Ол қашан болатынын біз алдын ала айта алмаймыз, себебі салмағы мұншама аз нәрестелер үшін болжам айту қиын», — деді бас дәрігер.

Жас ана бірден СҚО-да былтыр қыркүйекте бастау алған «Ұрпақ қоры» бағдарламасына қатысатындығын білдірді. Бағдарлама кем дегенде 4 баласы бар отбастарындағы әр баланың шотына атаулы $1,5 мөлшеріндегі депозит ашуды қарастырады. Ақшаны бала кәмелетке толған соң ғана алуға болады. Ол кезге депозит мөлшері $8,5 мың болады.

Соңғы жаңалықтар